13.02.2020, 12:45
Оқылды: 17

БҚО-да айып тұрақтарына мониторинг жүргізілді

БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, арнайы мониторинг тобы, БҚО ПД әкімшілік полиция қызметкерлері және Орал қаласының ТҮКШ қызметкерлерімен бірге Чкалова 285/1 көшесінде орналасқан айып тұрағына мониторинг жүргізді.

aqjaiyq2 (2)

Орал қаласының аумағында «Байлауов» ЖК және «Oral Trans Company» ЖШС-ға сенімгерлік басқаруға берілген екі айып тұрағы жұмыс істейді.

Айып тұрағы жұмысының негізгі мәселелері кіргізілген автокөліктердің, заттардың қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жеткізушілер көрсететін қызметтердің сапасын жақсарту.

aqjaiyq2 (4)

Полиция қызметкерлері көлікті айып тұрағына кіргізгеннен кейін қабылдау актісі жасалады. Айып тұрағы өкілдері көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты емес. Полиция қызметкерлеріне автокөлікті қандай тұраққа кіргізу керектігі бойынша дискрециялық құқық берілген.

aqjaiyq2 (6)

Мониторинг нәтижелесінде барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен отырыс өткізу жоспарлануда.

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа

қарсы қызметінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале