16.03.2018, 11:32
Оқылды: 256

Ақсайда келіндер клубы ашылды

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Ақсайда «Рухани қазына» фестивалі өтті.

Аталған фестиваль «Ел сыйлаған аналар, ақыл айтқан даналар» (қанатты сөздер шеруі), «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!», «Текті сөздің төресі – терме» (термешілер тартуы), «Ұрпағыма ұлағат» атты бөлімдерден құралды. Сонымен қатар 15 жылдық тарихы бар «Ақ жаулықты әжелер» халықтық ансамблі жанынан «Ақ босаға» келіндер клубы ашылды. Лента қию рәсімін демалу ортылығының директоры Аңсар Есіркепұлы мен мәдениет саласының ардагері Зәуреш Ғұбайдоллақызы жүргізді.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты демалу орталығында «Ақ жаулықты» әжелер халықтық ансамблі 15 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. Сол халықтық ансамблінің жанынан «Ақ босаға» келіндер клубы ашылып отыр. Бұның мақсаты – «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында, отбасындағы ене мен келіннің арасындағы сыйластық, отбасының ұйытқысы, сонымен қатар отбасындағы жақсы қасиеттердің барлығын елдің дамуына да келіндердің де, үйде отырған ақ жаулықты аналардың да септігін тигізу мақсатында құрылып отыр. Болашақта аталмыш клуб түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға әжелерімізбен қатынасатын болады, қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттайды. Сонымен қатар ұршық үйіру, жүн түту сияқты көне қалып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді келіндеріміз демалу орталығында өздерінің белгіленген кестелері бойынша бас қосып, жұмыстанатын болады, - дейді демалу орталығының диекторының шығармашылық жөніндегі орынбасары Арна Мүбарак.

Сондай-ақ ұйымдастырушылардың айтуы бойынша алдағы уақытта аудандық келіндер клубы құрылғаннан кейін ауылдық округтерде филиалл ашу жоспарда бар екен. Қазіргі таңда Пугачев ауылдық округінде келіндер клубы жұмыс жасауда. Барлық ауылдық округтерде ашылғаннан кейін келіндер байқауы, әртүрлі фестивальдер өтетін болады.

Келіндер таныстырылымынан кейін термешілер тартуы жалғасын тапты. Әр ауылдық округтен келген термешілер өнерлерін ортаға салып, қазақтың қанатты сөздері мен тәлім-тәрбиесі тұнған әндер мен жырлардан паш етті. Одан соң «бабалар бұлағын ұғындырған» батагөй қария Есенқұл ата батасын беріп,аудандық демалу орталығы атынан сый-сияпаттар ұсынылды.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале