12.04.2017, 16:19
Оқылды: 26

Ардагерлер кеңесімен кездесті

????????????????????????????????????

  Бүгін Зеленов ауданы әкімі Кәрім Жақыпов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Мендалиев және кеңес мүшелерімен емен-жарқын әңгімелесіп, мұң-мұқтаждарына құлақ түрді. 


  -Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатына үн қоса отырып, тарихи маңызы бар мемлекеттік бағдарламалардын жүзеге асуына аудан ардагерлері де ақыл-кенестерімен, өмірлік тәжірибелерімен септігін тигізіп келеді. Ардагерлер қашан да жас ұрпаққа үлгі, - деген Кәрім Кәрімоллаұлы қандай да бір игі істен ардагерлердің тыс қылмайтынын да айтып, алдағы уақытта ауданда атқарылатын жұмыстардан хабардар етті.

  Өз сөзінде Ғалымжан Ақжанұлы ардагерлер кеңесіне тұрақты отыратын орын, техникалық құрал-жабдық (компьютер) қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар кеңес мүшелері ауданда тазалықты қатаң сақтау, абаттандыру жұмыстарын күшейту керектігін айтып, кеңеске үнемі қолдау білдіріп келетін аудан басшысына ризашылықтарын білдірді.

Дана БЕРІШ

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале