27.01.2020, 10:49
Оқылды: 60

Ауыл ішіндегі көпірді тегін жөндеп берді

Жақында Казталов ауданының Жалпақтал ауылының әкімі Әлия Жақсыбаева Қараөзен өзені үстіне орналасқан ауыл ішіндегі көпірдің ақауы барын айтып, жерлестерін хабардар еткен болатын.

qaztalov j (1)

Қаражат көзі қаралып, оған жөндеу жұмыстары жүргізілгенше, аталмыш көпір пайдалануға жарамсыз болып қалуы әбден мүмкін еді. Осы жағдайға байланысты дер кезінде көмекке келген "Дорремсервис" ЖШС-ның Жалпақтал бөлімшесі (бөлімше бастығы Мұрат Ахметжанов) қызметкерлері бір ауыздан келісіп, көпірді тегін жөндеп берді.

qaztalov j (2)

Көпірдің техникалық жағдайын түгел тексерістен өткізіп, үш күн бойына жөндеу жұмыстарымен қатар тазалығын да қолға алып, көпір үстінде батпандап жиналған балшықтарды да арнайы техникамен шығарды.

qaztalov j (5)

 

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале