30.04.2019, 12:59
Оқылды: 24

Бәйтеректе көпшілік жүгіру марафоны өтті

Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында жүгіру марафоны өтті.

IMG_9216

         -Бүгінгі марафон 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекелеріне арналды. Салауатты өмір салтын ұстанып, шараға белсене қатысқан баршаңызға аудан әкімі мен өз атымнан алғыс білдіремін. Елімізде спортты жанына серік еткен азаматтар көп болғай, - деді аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков.

         Шара барысында марафонға белсене қатысқандар бағалы сыйлық және алғыс хатпен марапатталды.

         -Марафон – елді біріктіретін, спорт сүйер қауым тағатсыздана күтетін шара. Көктемнің шырайлы күндерінің бірінде өткен спорттық шара - достық, бірлік, ынтымаққа бастар жол,- деді аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Ысмағұлов.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

IMG_9221

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале