4.08.2018, 15:20
Оқылды: 38

Батысқазақстандықтар Ресейде «Мәдени жайлау» фестивалін өткізді (СУРЕТ)

Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала аудандық мәдени демалыс орталығы ұйымдастырумен көршілес Ресейдің Саратов облысы, Озинки ауданында «Мәдени жайлау» фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты екі ел арасындағы мәдени, рухани достықты нығайту, қазақтың ұлттық дәстүрлерін көрші елдегі қандастарға насихаттау болатын.

Ашық аспан астында ұйымдастырылған шараға Озинки аудандық муниципалды бюджеттік басқармасы әлеуметтік мәдени бірлестігінің басшысы О.Гончарова, қазақ ұлттық мәдени орталығының әдіскері М.Садырова мен Озинки ауданының тұрғындары  қатысты.

"Рухани жаңғыру" мақаласы аясында өткен фестиваль жұмысы алдымен  халқымыздың мәдени-рухани құндылықтарына арналды. Домбырашылар А.Қожаев пен С.Сарсенов жиналғандарға екі шекті  домбыраның тарихын таныстырып, күмбірлете күй төкті. Шараға жиналғандар қазақ композиторларының әндерін қосыла шырқады.

ozinki (8)Одан әрі «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамбілінің мүшесі Қ.Есқалиева киіз үй  жиһаздарымен таныстырып, ою-өрнектің мағынасына тоқталды. Өз қолымен жасалған құрақ көрпені көпшіліктің назарына ұсынды.

Сонымен қатар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мамандары С.Киреева мен Р.Сабирова ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын  «Мәдени мұра-ұлттық құндылық» атты  кітап көрмесімен және инсталляциямен таныстырды.

Шараның екінші бөлімі ұлттық ойындарымыз арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу сынды спорттық ойындармен жалғасты. Қыз-келіншектер құрт жасаудан сынға түсті.

Фестиваль соңы тасқалалық көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен танысты.

Д.Алжекенов,

Тасқала ауданы

ozinki (10)

ozinki (1) ozinki (2) ozinki (3) ozinki (4) ozinki (6) ozinki (9)ozinki (11)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале