17.01.2020, 18:40
Оқылды: 55

Қаратөбе аудандық сотына өткен жылы 105 талап арыз түскен

Бүгін Қаратөбе аудандық сот төрағасы Мереке Шүкіровтің сот төрелігін жүзеге асыру және өткен жылдың атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды баспасөз мәжілісі өтті.

sot2

Мәселен өткен жылы 28 тұлғаға қатысты 22 қылмыстық іс түскен. 16 тұлғаға қатысты 10 айыптау үкімі шығарылып, 8 тұлғаға қатысты 8 істің 7-еуі медиация тәртібімен тоқтатылған. 2 іс соттылығы бойынша жолданса, 2 іс прокурорға кейін қайтарылды. Аяқталған 18 қылмыстық істе дыбыс-бейнежазба құралы қолданылды. Бұл сот ісінің әділ өтуінің дәлелі.

Жыл бойы жалпы саны 105 талап арыз түсіп, оның ішінде 3 іс кері қайтарылып, 1 талап арыз қабылдаудан бас тартылған.

-Сот жүйесін жаңғырту мақсатында Жоғарғы Сот 11 заң жобасын әзірлеген, соның бірі - «Түнгі сот» пилоттық жобасы. Аталмыш жоба арқылы 18.00-22.00-ге дейін келіп түскен әкімшілік істерді қарайды, - дейді Мереке Өтепқалиұлы сот жүйесіндегі жаңашылдықтарға тоқталып.

Аудан орталығында татуласу орталығы ашылып, билер кеңесі құрылды. Билер кеңесінің төрағасы болып Орынғали Ермекқалиев сайланды. Осы жобаның нәтижесінде бір дау оң шешімін тапты.

Қаратөбе аудандық сотының судьясы Олжас Мералиев жиынға қатысушыларға өткен жылдың 27 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырылуларды түсіндірді.

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале