4.07.2018, 10:20
Оқылды: 19

Қазталовта жаңа форматтағы атаулы көмек жайы талқыланды

Kaztalov atauly komekҚазталов ауданында Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті жүзеге асыру барысында әлеуметтік көмек жөніндегі консультанттар мен ассистенттердің жұмысын ұйымдастыру туралы семинар-кеңес өтті.


Семинар-кеңеске Ақжайық, Жәнібек, Бөкей Ордасы және Тасқала, Жаңақала аудандарының кеңесшілері, ассистенттері мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Семинардың ашылуында сөз алған Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова бұл орталықтың жұмысы халық үшін маңыздылығына тоқталды. Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімнің басшысы Қайырғали Надырғалиев жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті жүзеге асыру барысы және мақсат-міндеттерін атап, облыста атқарылып жатқан жұмыстар жәйін баяндады. Осы мәселеге байланысты Қазталов, Ақжайық, Тасқала, Жәнібек аудандарының халықты қамту орталығының өкілдері өз аудандарында атқарылып жатқан жұмыстардан хабарлама жасады.

Семинар-кеңесте Қазталов ауданымызда да жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан көптеген жұмыстардан хабардар етілді. Мәселен, 2018 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, атаулы әлеуметтік көмек құрамында 13240 адамы бар 2803 отбасына тағайындалса, 1826 адам шартсыз және 11063 адам шартты ақшалай көмек алған көрінеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда АЕК-тің көлемі шамамен 25 млн. теңгеге артып, адам басына шаққанда ай сайынғы төлем 7600 теңгені құрап отыр. Сондай-ақ  241 адам қайта даярланып, 7 адам өз бизнесін ашқан.

Жалпы алғанда, басқосуда айтылған басты мақсат жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік мұқтаж отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелерінің жекелеген қажеттіліктеріне бағытталған кешенді қолдау болып табылады. Осы орайда отбасы қиындықтардан шығу үшін көмек алушының да әлеуметтік көмек көрсететін тараптың да араларындағы келісімшарттарға үлкен жауапкершілікпен қарауы қажеттігі ашық та айқын айтылды.

Шара барысында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауаптар қайтарылды.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале