26.06.2019, 15:30
Оқылды: 338

Раздольныйда спорт алаңы ашылды

Бәйтерек ауданының Раздольный ауылдық округінде балаларға арналған спорт алаңы ашылды.

razdolnyi

Мемлекеттік «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асқан алаңның ашылу салтанатына аудан әкімі Асхат Шахаров, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нариман Темірғалиев, аудандық мәдени-демалыс орталығының басшысы Асылбек Ищанов және ауыл тұрғындары қатысты.

Роздольний 1

Спорт алаңының лентасын ауыл ақсақалы, ардагер ұстаз Қайыр Дүйсенбаев пен оқу озаты, спорт белсендісі Екатерина Малкина қиды.

«Street workout», балалар ойын алаңы, шағын футбол, волейбол, баскетбол ойыны алаңдары бар нысанның ашылу салтанатында Асхат Берлешұлы алаңның маңызына тоқталды.

Роздольний 3

- Бүгінде елімізде бұқаралық спортты қолдауға бағытталған жан-жақты бағдарламалар жүргізілуде. Бүлдіршіндеріміздің бақытты болашағы еліміз үшін маңызды. Келешек жас ұрпақ елдің тірегі екендігін ұмытпайық,- деді аудан әкімі.

razdolnyi

Шыңғыс Ромашев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағыпарақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале