29.07.2019, 14:11
Оқылды: 129

Республикалық акцияға қаратөбеліктер белсенділікпен қатысты

Ауданда өткен «Таза жағалау» экологиялық акциясына қаратөбеліктер белсенді атсалысты.

Karatobe akcia (1)

Акцияның негізгі мақсаты аудандағы су айдындарының жағдайын жақсарту, туған жердің табиғатына жауапкершілікпен және ұқыпты қарауға баулу болып табылады.

Акцияға ауылдық округтердегі мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар ұйымының өкілдері, «Жасыл ел» студенттік жасақтары қатысып, аудан орталығынан 7 бағыт бойынша бөлінген аймақтарды тазалады.

Karatobe akcia (2)

Қалдығайты, Жақсыбай және басқа да шағын су айдындарының жағалаулары, жол жиегіндегі орман алқаптары тұрмыстық қалдықтардан, қураған талдардан тазартылды.

Жалпы саны акцияға 513 адам қатысып, 9 техника тартылып, 3 тонна қоқыс арнайы орынға жеткізілді.

 Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале