18.07.2019, 19:57
Оқылды: 132

Сенат депутаттары Бөрлі ауданындағы әлеуметтік нысандарда болды

ҚР Парламент Сенатының депутататтары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданында болып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 

IMG_8468

Сенат депутаттары аудандық ішкі істер бөлімінің жедел басқару орталығында болды. Жалпы құны 132 млн. теңге салынған нысан «КПО б.в.» компаниясының әлеуметтік тапсырысы негізінде бой көтерді. Үш қабатты ғимараттың төменгі қабатында құқық қорғау қызметкерлеріне арналған жұмыс бөлмелері, жаттығу залдары мен тир алаңдары орналасса, екінші қабаты толығымен шұғыл басқару орталығына арналған.

Ақсай қаласының көшелеріне «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында 100-ден астам бейнекамера қойылып, шаһардың қауіпсіздігі осы аталған шұғыл басқару орталығы арқылы басқарылып отыруы керек еді. Құрылысы өткен жылы аяқталған ғимарат қаржы көзінің тапшылығынан әлі іске қосылмаған. КПО компаниясы арасында келіссөздер жүріп, мемлекеттік жекеменшік серіктестік негізінде іске асыру жоспары бар.

Қаржы көзінен құрылысы бәсеңдеп қалған тағы бір құрылыс 9 қабатты 126 пәтерлі тұрғын үйді көрді. Өткен жылы басталған баспана тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарға арналып салынуда. Мәселемен жан-жақты танысқан Сенат депутаттары аталған мәселені назарға алатындықтарын жеткізді. Одан бөлек сенат депаутаттары "Наурыз-1, "Наурыз-2" көшелеріндегі орташа жөндеуден өтіп жатқан жолдың сапасын тексеріп, қаладағы халық көп баратын базарлардағы азық-түліктің бағаларына назар аударды.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале