10.04.2019, 15:07
Оқылды: 31

Теректілік суретші көрмеге дайындық үстінде

Жұмыс сапарымен Теректі ауданы Сарыөмір ауылында болған аудан әкімі Әділ Жоламанов осы жердің тумасы, қылқалам ұстаған Ғинаят Дауылбаевтың шеберханасында болды.

IMG20190409105029

         Сарыөмірде қоғамдық монша ашып, халыққа қызмет көрсетіп отырған ол ғимараттың жоғарғы қабатын шеберханаға айналдырыпты. Ақ Жайық өңірінің танымал тұлғаларын, туған жер тарихын бейнелеген суретшінің жұмыстары қабырғаға айналдыра ілінген. Суретті де сол жерде салады.

Ғинаят Есжанұлы Қадір Мырза Әлі мәдениет және өнер орталығында тұңғыш Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына үн қосу мақсатында ұйымдастырылған аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрмесінде балалық шағы туралы топтамасын шығарған болатын. Көрмеге келгендер топтаманы өте жылы қабылдады. Сол жерде суретшінің жеке көрмесін өткізу туралы ұсыныс болды.

Қазір Ғинаят Есжанұлы маусым айында өткізілетін көрмесіне дайындық үстінде.

IMG20190409105154

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале