26.10.2020, 21:16
Оқылды: 41

Жалпақталда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Алтын күз" кеші өтті

26 қазан күні аудандық "Жақсылық жаса" қоғамдық бірлестігінің Жалпақтал ауылындағы үйден көмек көрсету бөлімшесі мен осы ауылдағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшесі қызметкерлері өзара бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап "Алтын күз" кешін ұйымдастырды.

20201026_193028
Ойын-сауық түрінде өткізілген "Алтын күз" кешіне қатысқан мүмкіндігі шектеулі жандар түрлі көкөністер мен жеміс-жидектер бейнеленген маскалар киіп, би билеп, өлең айтып, көңілдерін көтерді.
Кеш соңында аталмыш шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған әлеуметтік қызметкерлерге тәрбиеленушілер алғыстарын білдірді.

Қыдыр Харесұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале