11.03.2021, 9:44
Оқылды: 94

Сырымдық дәрігерлер екпе алуда

Медицина қызметкерлеріне вакцина салу жұмыстары өңірлерде жалғасып жатыр. Кеше сырымдық дәрігерлер індетке қарсы екпе салдырды. Бұл ақпаратты Сырым аудандық орталық ауруханасының ресми парақшасы таратты.

1FBA0369-7438-4383-B03A-0C4E0861B6D6

- Бүгін Сырым аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцинациялау жұмыстары басталды. Олардың қатарында COVID – 19  індетімен күресіп жүрген мамандар бар. Ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдыруға келген медқызметкерлер бірінші дәрігерлік тексеруден өтіп, сосын екпе алды. Екпе жүргізілгеннен кейін арнайы күту залында жарты сағат дәрігерлердің бақылауында болды, – деп жазылған парақшада.

CA75F7E8-3A47-4DF2-9F0D-6FCBC226D818

Екпе алған мамандардың жағдайы бірқалыпты.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале