Бүгін Жәнібек аудандық ауруханасында тұрғындар өз еркімен коронавирустық инфекцияға қарсы «Спутник V» вакцинасымен егілді. Оның ішінде аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина бастаған бірқатар мектеп директорлары мен мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер бар.
Аудан орталығына вакцина алу үшін Жақсыбай ауылынан 18 мұғалім келген. Ерікті түрде вакцина алушылар алдымен дәрігер қабылдауында болып, одан кейін оларға вакцина салынды. Сондай-ақ олар 30 минут дәрігердің бақылауында болды.
Вакцина жасалғандарға 21 күннен кейін екінші вакцинациялау жүргізілетін болады. Алдағы күндері ауданға «Спутник V» екпесі тағы келеді деп күтілуде.
Ә.Әбділда,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz