Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидасына сәйкес, Орал қаласындағы мектеп пен балабақша директорларын ротациялау жұмысы кезең-кезеңмен жүргізілуде.
Орал қалалық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні ротациялауға жататын, яғни білім беру мекемесінде 4-7 жыл аралығында немесе 7 жылдан астам басқарған мектеп директорлары – 30-ды, балабақша меңгерушілері – 37-ні құрапты.
Ротацияның І кезеңінде 2 мектеп директоры, 8 балабақша меңгерушісі қызмет орындарын ауыстырған.
ІІ кезеңінде 13 мектеп директоры, 9 балабақша меңгерушісі ротацияға іліккен.
ІІІ кезең бойынша 12 мектеп директоры, 10 балабақша меңгерушісі құжаттары ротациялау комиссиясында қаралып, шешімі қабылданды.
М.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ директоры қызметін атқарған Азима Ғұбашева №42 «Ақ ниет» гимназиясына, ал №42 «Ақ ниет» гимназиясы директоры лауазымын атқарған Ерік Темірғалиев М.Ықсанов атындағы №36 ЖОББ мектебіне ауыстырылған.
№4 қосымша білім беру мектеп-орталығында мектеп директоры лауазымын атқарған Мәулен Ділмағанбетов №22 мектепке, ал аталған мектептің директоры Жанаргүл Аймурзина №4 қосымша білім беру мектеп-орталығына тағайындалды.
Ал №21 ЖОББМ директоры лауазымын атқарған Лаура Шаркубенова мен №25 ЖОББ мектебінің директоры Батима Асқарованың да қызметтері өзара ауыстырылды.
№19 мектептің директоры қызметінде болған Алтын Жұмағалиева №37 ЖОББ мектебіне, №37 ЖОББМ директоры Тамара Мұрадымова №14 ЖОББ мектебіне ротацияланды.
№14 ЖОББМ директоры Талғат Дәулетов №19 ЖОББ мектебіне ауысты.
Сондай-ақ №47 ЖОББМ директоры қызметін атқарған Наталья Ерғожиева №49 ЖОББ мектебіне, №49 мектептің директоры Нұржан Алпысбаев Серебряково ЖОББ мектебіне ротацияланды.
Аталған ауыл мектебінің басшысы Нұрлан Саттықов қаладағы №47 мектепке ауыстырылды.
Бір айта кетерлігі, білім бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей №29 бен 39 мектептің директорлары зейнет жасына шықса, №30 мектеп директоры қызметінен кеткен.
zhaikpress.kz