4.09.2023, 12:48
Оқылды: 14

Өткен аптада елімізде 2,6 мыңнан астам қылмыс жасалған

Ел аумағында өткен аптада 4 кісі өлімі және 3 қасақана денсаулыққа зиян келтіру фактісі тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

ЖП Полиция (1)

«Елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір апта ішінде 2 666 қылмыс жасалды, оның 1 656 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 4 кісі өлімі, 3 өлімге әкеп соқтырып, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын, 34 тонау және 376 бөтен мүлікті ұрлау фактісін ашты», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте өткен баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Одан бөлек, ведомство өкілі елордада өткен «Тоқта, вандал!» акциясы туралы айтты.

«Вандализм, ғимараттар мен мүлікті бүлдіру – қоғам проблемаларының бірі. Мұндай әрекеттер қаланың көркеюіне кері әсерін тигізеді. Тіпті, шалғай аймақтардан бөлек, елорданың өзінде полиция қызметкерлері аталған фактілерге жиі куә болып жатыр. Ұстамсыздық пен шектен тыс агрессияның көрініс табуы заң мен тәртіпті бұзып қана қоймай, айналадағыларға айтарлықтай зиян немесе шығын келтіруі мүмкін. Мәселен, 16 тамызда түнде Астана тұрғыны ғимараттардың бірінен шығып келе жатып, құны жарты миллион теңгеден асатын есікті сындырған. Ер адамның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған», - дейді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале