15.03.2026, 15:38
Оқылды: 17

Өз таңдауларын жасады

Бүгін «Қаз Сервис» ЖШС мен Коммухоз мекемесінің қызметкерлері ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетіп, бір кісідей референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Олар өздерінің азаматтық белсенділігін танытып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын іс жүзінде дәлелдеді.

IMG-20260315-WA0360
Ұжым болып келіп дауыс беру – бірлік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Осындай белсенділік қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің нығаюына ықпал етеді.Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте ұйым қызметкерлерінің бір кісідей атсалысуы – олардың елжандылығы мен азаматтық ұстанымының айғағы.

IMG-20260315-WA0365

Бұл – тек өз міндетін атқару ғана емес, сонымен қатар келешек ұрпақтың жарқын болашағына деген сенім мен жауапкершіліктің белгісі.

IMG-20260315-WA0359
Осындай ұйымшылдық пен белсенділік әрбір азаматқа үлгі болары сөзсіз.

IMG-20260315-WA0363

Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале