ҚР Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2025 жылы елімізде қоғамдық тамақтану нысандарының саны 17,5%-ға артып, 19 588-ге жетті.

Фото: stat_gov_kz_official
Салада көрсетілген қызмет көлемі 2,1 трлн теңгені құрады.
Нысандар саны бойынша Алматы қаласы (3 522), Астана қаласы (2 761) және Қарағанды облысы (1 275) көш бастап тұр. Жыл ішінде кафелер саны 15,1%-ға өсіп, 5987-ге жетсе, асханалар саны 5940, ал мейрамханалар 3024 нысанды құрады.
Сондай-ақ мейрамханалардың ең көп үлесі Астана, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысында (248) шоғырланған.