4.09.2026, 19:00
Оқылды: 39

Астана, Алматы және Батыс Қазақстан: мейрамханасы ең көп өңірлер анықталды

ҚР Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2025 жылы елімізде қоғамдық тамақтану нысандарының саны 17,5%-ға артып, 19 588-ге жетті.

InShot_20260904_185327464

Фото: stat_gov_kz_official 

Салада көрсетілген қызмет көлемі 2,1 трлн теңгені құрады.

​Нысандар саны бойынша Алматы қаласы (3 522), Астана қаласы (2 761) және Қарағанды облысы (1 275) көш бастап тұр. Жыл ішінде кафелер саны 15,1%-ға өсіп, 5987-ге жетсе, асханалар саны 5940, ал мейрамханалар 3024 нысанды құрады.

Сондай-ақ мейрамханалардың ең көп үлесі Астана, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысында (248) шоғырланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале