11.11.2016, 17:22
Оқылды: 26

Жалпақталда қоғамдық келісім кеңесінің форумы өтті

%d0%b6%d0%b0%d0%bb%d0%bf%d0%b0%d0%ba%d1%82%d0%b0%d0%bb-%d1%84%d0%be%d1%80%d1%83%d0%bc%d1%8b110 қараша күні Жалпақтал ауылында аудандық қоғамдық келісім Кеңесінің III форумы өтті. Форумға БҚО «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары Жамал Ихсанова және осы мекеменің медиаторы Талшын Италиева, ауданның мекеме қоғамдық ұйым,  өкілдері қатысты. Форум жұмысын аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр ашып, келісім Кеңесінің атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.

Кеңесте Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай қоғамдық келісім Кеңесінің атқарылып жатырған жұмыстары туралы аудандық қоғамдық келісім Кеңесі төрағасының орынбасары Уәлиолла Әбішев хабарлама жасады. Сонымен қатар Қазталов, Ақпәтер ауылдық округтерінің қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері де сөз алды. Кеңесте  БҚО «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары Жамал Ихсанова қоғамдағы болып жатқан жағдайлар туралы және оны шешудің жолдары жөнінде әңгімеледі.

Форумда ауданда тұрақтылық пен бірлік жолында аянбай қызмет істеп жүрген бір топ қоғамдық келісім кеңестің мүшелеріне БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаты  табысталды.

         Форум өткерілген мәселелер бойынша қарар қабылдады.

         Жұлдыз Асқар  

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале