3.05.2016, 17:46
Оқылды: 32

Бард әншілер фестивалі өтті

????????????????????????????????????

     Зеленов ауданы орталығында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына арналған «Шырқаған жастық шақ. Поющая молодость» атты бард әндерін орындаушы жастар фестивалі өтті.


     Талантты жастарды анықтап, авторлық әнді насихаттау және әдеби-музыкалық жанрдың ерекше түрі бард әндеріне деген қызығушылықты ояту мақсатында өткізіліп келе жатырған өнер сайысы биыл да аудан округтерінен келген өнерлі жастардың басын қосты.

     Фестивалде Табылды Досымов пен басқа да бардтардың және қатысушылардың өздері шығарған авторлық әндер орындалды. Әсем әуен шырықтаған фестиваль қорытындысында 12-13 жасар әншілер арасында Дарья Астраханкина мен Лаура Батырғалиева жұбы «Ансамбль» аталымында үздік болса, «Орындаушы» номинациясында Полина Салмина жеңіске жетті. 14-15 жасар бард әншілерге келсек, «Ансамбль» аталымында Әсет Бақтыгерей мен Орытай Жангерей жұбы, «Орындаушы» аталымында Эльвира Сарбаева, «Қазақ әндерін орындаушы» аталымында Әсет Бақтыгерей сияқты жастар үздік деп танылды. Ал 16-18 жас аралығындағы қатысушылар арасында Ержан Әбуов пен Әділет Меңдіғалиев жұбы «Ансамбль» аталымында, Орынтай Жәңгерей  «Табылды Досымов әндерін орындаушы» аталымында үздік деп танылса, «Орындаушы» және «Автор-орындаушы» аталымында Регина Романова жеңіске жетті.

     Енді жеңімпаздар Орал қаласында өтетін облыстық фестивалде бақтарын сынайтын болады.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале