7.10.2016, 10:07
Оқылды: 28

Теректіде «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» байқауы өтті

 %d0%b1%d3%99%d1%80%d1%96%d0%bc%d1%96%d0%b7-%d0%b1%d1%96%d1%80%d0%b4%d0%b5%d0%b9%d0%bc%d1%96%d0%b7-%d0%ba%d0%b5%d0%bc%d1%81%d1%96%d1%82%d1%83%d0%b4%d1%96-%d0%b1%d1%96%d0%bb%d0%bc%d0%b5%d0%b9  Теректі аудандық Мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі жандардың қабілеттерін ұштап, таланттарын таныту мақсатында «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» атты байқаудың аудандық кезеңі ұйымдастырылды.


Оған ауданымыздағы ауылдардан үш аталым бойынша 20-ға жуық үміткер қатысып, киелі сахна төрінде өздерінің мүмкіндіктерін  сынға салды. Байқауға қатысушылардың барлығы өмірге деген махаббаттары үшін ғана жеңімпаз атанып қойған еді. Олардың өнерге деген құлшыныстары мен ынталарын, жанарларындағы жалынды байқамау мүмкін емес.

Аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі Т.Жексенбаев бастаған қазылар алқасына талантты жандардың арасынан аудан намысын облыстық деңгейде қорғайтын өнерпазды анықтау оңайға соқпағаны рас. Нәтижесінде «Үздік орындаушы» номинациясында шағатайлық Г.Бисенова жеңімпаз деп танылса, «Үздік көркемсөз оқу шебері» аталымында ақсуаттық Б.Қуанышқалиева керемет өнерімен көпшілікті мойындатты. Ал "Қолөнер" аталымы бойынша 8 жасар Н.Ершовтың (Подстепный ауылы) қиялынан туындаған дүниелері  таңғалдырып, облысқа берілер жолдаманы қанжығасына байлады.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында «Әйел. Қоғам. Болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Төлегенова қатысушыларға бірлестік атынан естелік сыйлықтар табыстаса, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Тасенова байқауға қатысқан барлық өнерпаздар мен оларды дайындаған ұстаздарына алғыс білдірді.

Әділет ЗЕРЕ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале