16.09.2016, 10:27
Оқылды: 65

«Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз»

?

  Қаратөбеде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастырумен, «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аудандық фестиваль өтті.


Фестиваль мүмкіндігі шектеулі жандардың өзін іс жүзінде көрсету және шығармашылық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу, жас дарынды аңықтау, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында оздырылды.

Мәдени шарада алғаш сөз алған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали жиналған кеш қонақтарына қош келдіңіздер айтып, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.

Шараға қатысушылар «Үздік жасампаз», «Үздік орындаушы», «Көркемсөз» аталымдары бойынша сынға түсті.

Сайыс қорытындысында «Үздік жасампаз» аталымында Қасымхан Шоқанаев (Қаратөбе ауылдық округі), «Үздік орындаушы» аталымында Қайрат Жұбандықов (Қаракөл ауылдық округі), «Көркемсөз» аталымы бойынша Айнара Сарбасова (Қоскөл ауылдық округі)  жеңімпаз атанды.

Түрлі аталымдар бойынша жақсы өнер көрсеткендері үшін бірнеше өнерпаз дипломдармен марапатталды.

 

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале