17.07.2015, 14:13
Оқылды: 19

Бөкей ордасында үй салушылар көбеюде

Bokeei020   Қызылды-жасылды шатырлары алыстан менмұндалап, көз тартатын бюджет қаржысына салынып жатқан ипотекалық үйлер еңбегі еленген қызметкерлер, жас мамандар, кезекте тұрғандар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандардың өзінен-ақ ауыспай жатқандығы шындық.  Ал, бірнеше жылдықжақындамайтын кезектен күдер үзе бастаған кейбір ауылдастарымыз өз беттерінше қомақты несие алуда.

Әрине, бала-шағаның аузынан жырып, тапқан-таянғандары даңғарадай үй тұрғызуға жетпегенімен, ең болмағанда,  сарай салып алмақ ниетпен шабылып жүргендер жетерлік. Олардың бірқатары ойға алған істерін тындырып та жатыр. Оған дәлел ­– Сайқынның оңтүстік-шығысында бойкөтерген, әлі құрылысы толық аяқталмаған, үлкенді-кішілі баспаналар. Бұл аз да болса табыс көзімен күнелтіп отырғандардың жасап жатқан тірлігі, ал, әл-ауқаты нашар отбасылардың бұған да шамалары тартпасы айқын. Айта кету керек, осы жөнінде аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қоблан Жанғалиевке жолыққанымызда, биыл осылайша баспана тұрғызуды көздегендер қатары 52-ге жеткендігін мәлімдеді.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале