15.12.2015, 19:59
Оқылды: 30

Бөрлі ауданында «Асқақтай бер, тәуелсіз ел – Қазақстан» атты салтанатты шара өтті

 Aksai askaktai ber tauelsiz Kaz   Бөрлі аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Асқақтай бер, тәуелсіз ел – Қазақстан» атты салтанатты шара өтті.


«Әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде тарихи да жасампаз жаңа дәуірге қадам басқанына биыл жиырма төрт жыл толып отыр. Осынау сындарлы кезеңде тар жол, тайғақ кешуден алып шықан Елбасымыздың аз ғана уақыттың ішінде мемлекетіміздің қарыштап дамуына, тәуелсіздік тұғырының нығаюына сіңірген еңбегі зор. Тәуелсіз мемлекетімізде ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар нәтижелі жүзеге асырылуда», - деп атап өткен аудан әкімінің орынбасары Азамат Сафималиев көркейген мемлектімізде аудан тұрғындарының да әл-ауқаты артып келеді деді. Ауданымыздың экономикасы мен әлеуметтік сала тұрақты дамып, әртүрлі мемлекеттік бағдарламалардың қолдауы, шағын және орта бизнеспен айналысатындардың саны артып келеді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қанай және Жаңаталап ауылдарында су беріліп отыр. Ауылдық елді мекендерде көпсалалы спортық алаңдар салынуда. Бөрлі-Ақсай жолына күрделі жөндеу жүргізіліп, 7,9,11,12,13 ықшамаудандар мен қала ішіндегі көшелерге жолдар салынып, жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Халық игілігі үшін қолға алынған бастамалар, жарқын істер алдағы кезде де жалғасын табады деген Азамат Сафималиұлы еліміздің өркендеу жолындағы баршаның еңбегі мен бағалы бастамаларына табыс, мемлекетімізге тыныштық тіледі.

Осыдан соң ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР АШМ құрмет грамотасымен «Бестау» ЖШС директоры И. Дүсенбаевты марапаттады. Сондай-ақ облысқа сіңірген еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Ноғаев пен облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшардың Құрмет грамотасымен аудандық мәслихат хатшысы А. Куликешев, аудандық мәслихат депутаты, №3 ЖОББМ директоры Н. Шиганакова марапатталды. «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың алғыс хатымен №6 «Отан» бастауыш партиясының төрайымы С. Жандалиева республикалық байқауға белсенді қатысқаны үшін, сонымен қатар партияның мақсаты мен міндеттерін орындауда көрсеткен белсенділігі үшін ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, №7 «Железнодорожная» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ш.Каирмуханова марапатталды. Мәслихаттар аппаратындағы ұзақ жылғы еңбегі еленіп, өңірдің экономикасы мен әлеуметтік дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға қосқан еңбегі үшін облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшардың алғыс хатына аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б. Мукашева ие болды.

Бұл салтанатты шарада сонымен бірге аудан әкімі М.Түсіпқалиевтың алғыс хатымен Елбасы саясатын жүзеге асыруда маңызды міндеттерді абыройлы орындап, аянбай еңбек етіп келе жатқан еңбек ұжымдары да марапатталды. Беделді бұл ұжымдардың қатарында ҚПО компаниясы, «Ақсайгазсервис» АҚ,  «Казбургаз» АҚ, «Ақсайавтотранс» АҚ бар.  Аудан әкімінің алғыс хатын сондай-ақ   Қызылтал ЖББОМ бастапқы әскери дайындық мұғалімі, Бөрлі аудандық «Ауған соғысы ардагерлері» ҚБ белсенді көмекшісі Т. Қарабалин, «Жас Дарын» ҚҚ құрылтайшысы Т. Ищенко, V шақырылған аудандық мәслихат депутаты,  белгілі кәсіпкер Л. Елеусинов, Бумакөл ЖББОМ директоры Г.Кусмагамбетова,  «БатысӘлемҚұрылыс» ЖШС жұмысшысы С. Хусайнова,  ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК БҚО филиалы Бөрлі аудандық ветеринарлық зертхананың  меңгерушісі Д. Кульбаева,  аудандық ішкі істер бөлімінің ақпараттық-талдау орталығының инспекторы, полиция аға лейтенанты Б. Аксиевтер иеленді.

Салтанатты шарада Бөрлі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы майор Эльдар Шынгалиев аудан басшысы М. Түсіпқалиевті, аудан әкімінің орынбасары А. Сафималиев пен әкім аппаратының басшысы М. Давлетжановты, аудандық Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж. Бектемировті  облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник А.Жакьяевтың алғыс хатымен марапаттады.

Марапатау рәсімінен кейін жалғасқан концерттік бағдарламаны Қ.Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңімен ашқан А. Рахметовтен соң, кешті «Назқоңыр» фольклорлық ансамблі Құрманғазының «Қызылқайың серпер» күйімен әрлей түсті. Сахнаға шыққан Ұлы Отан соғысы ардагері И. Коновалов мерекелік лебізін білдіріп, еліміздің тыныштығы мәңгілік, халықтар достығы берік болуын тіледі. ҰОС және еңбек ардагерлерінің халықтық қоры «Победа» әнін орындаса, «Ақ жаулықты әжелер» тобы да өз өнерлерімен сахнаның сәнін келтірді. «Назерке» үлгілі би тобы мен «Еркетай» би топтарының, демалу орталығы өнерпаздары орындаған әндер көпшіліктің көңілінен шықты.

 

www.zhaikpress.kz

Ясипа РАБАЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале