5.07.2016, 15:11
Оқылды: 37

Жаңақала ауданы Ораза айт мейрамын тойлады

 Жаңақала         Таңсәріден  Жаңақала аудандық мешітке ағылғандар қатары әдеттегіден көп болды.


Мешіттің ауласына жиналған жамағат алдымен намазға тұрып, жаратушы иемізге құлшылық жасады. Айт намазынан кейін аудандық мешіттің бас имамы Мұратбек қажы Жахатов мешітке келген жамағат алдында он екі айдың ішінде ұлық болған Рамазан айының қасиеті, айт мерекесінің ерекшелігі жөнінде уағызайтып, дініміздің қуатты, күніміздің шуақты, аспанымыз ашық, ел іргесінің бүтіндігін Алла тағаладан тілеп дұға жасады.   Жаңақала
Айт намазына арнайы келген аудан басшысы Лавр Хайретдинов мұсылман жамағатын Ораза айт мерекесімен құттықтап, Елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатына сай барша аудан жұртшылығына бірлік пен береке, өзара түсіністік пен ынтымақ тіледі.
Намаздан шыққан жамағат бір-бірін айт мерекесімен құттықтап, көтеріңкі көңілкүй, шат-шадыман сезіммен тарқасты.Жаңақала

www.zhaikpress.kz
Н.ҒАББАСОВ
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале