12.02.2016, 10:04
Оқылды: 24

Жәнібекте біраз жыл мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Janibek mal urligi   Жәнібек ауданында өткен жылы мал ұрлығы бойынша барлығы 39 дерек тіркеліп, 20 қылмыстық іс өндіріспен аяқталған. Соның ішінде 13 қылмыстық іс сотқа жолданып, 7 қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, подполковник Ертай Қарағойшиевтің бізге берген мәліметіне сәйкес  мал ұрлығының уақытында ашылмауына көп жағдайларда малдың бағылмауы және жәбірленушілердің жоғалған малының нақты орнын, уақытын білмеуі кедергісін тигізеді.


Аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен аудан көлемінде «Мал ұрлығы» жедел профилактикалық шарасын өткізу барысында 2012 жылдан бері Жәнібек, Борсы ауылдары тұрғындарының ірі қара малын ұрлап, қымқырумен айналысқан Орал қаласының және Борсы ауылының тұрғындары Ораз Хайрушев, Қобылан Есқалиев, Асан Оразғалиев анықталып, қолға түскен. Олардың тарапынан өткен жылдардағы 3 дерек, бұрын жасалған 2 дерек және мал ұрлығының 4 дерегі бойынша қылмыстық іс әрекеттері құжаттандырылып, қылмыстық іс сотқа жолданған.

         www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале