12.11.2015, 12:11
Оқылды: 82

Конституция – азамат құқығының кепілі

Foto Konstit   Еліміздің басты құжаты Ата Заңымыздың өміршендігі күн санап қарқын алып келеді. Еліміз тыныш, халқымыз бейбіт өмірде болсын деген ниетте ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құрғандығы көпке аян. Еркіндік, тендік және татулық құндылықтарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғамда Қазақстанның ұстанған саясаты мәңгі бейбіт ел болуды көздейді.

Жыл сайын 30 тамызда тәуелсіз еліміз Қазақстанның негізгі Ата Заңы – ҚР Конституциясы күнін атап өтеді.

Конституцияның Қазақ еліндегі шығу тарихы 1926 жылғы Қазақ ССР Конституциясынан бастау алады.

Еліміздің негізгі құқықтық құжаты демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттің жетістігі болып табылады.

Демократиялық қоғамның жоғары идеалдарына ұмтылу, халықтар арасындағы құрмет пен достастық, мемлекеттік органдардың құрылған жүйесі, осылардың барлығы Ата Заңда нақты көрсетілген.

Қоғам құрылымының жаңаруы, нарықтық экономикаға өту, меншіктің алуан түрлілігі, қауіпсіздіктің кеңеюі және әлемдік қоғаммен ықпалдасу 1995 жылы ҚР Конституциясын қабылдауға ықпал етті.

Біздің елімізде бүкіл халықтың дауыс беруімен жаңа құжат қабылданды.

Жоғарғы заңнама деңгейінде адамның құқығы тәрізді жаңа концепция мен жаңа жүйеге сәйкес мемлекеттік мүдденің жеке тұлға мүдесінен жоғары болуынан бас тарту теориясы бекітілді.

Қазақстан саяси дамудың жаңа кезеңіне шықты. Еліміз кең көлемдегі конституциялық өзгерістерден өтті. Сол себепті де негізгі көрсеткіштер жетегінде жалпы кабылданған демократиялық нормаларға сәйкес саяси жүйе құрылды.

Атап айтқанда, Конституциялық кенес құруда, бюджетті бекітіп орындауда Парламенттің рөлі кеңейтіліп, Үкіметті қалыптастырудағы рөл күшейе түсті. Президент құзіретінің бір бөлігі Парламентке өтті.

Саяси партиялардың рөлін арттыруға бағытталған шаралар қабылданып, мәслихаттар құзіреті кеңейтілді.

Қазақстанның жанартылған Конституциясы Қазақстанның әрі қарай дамуы үшін мықты іргетас болып саналады. Бәрінен бұрын ол азаматтырдың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігінің күшеюіне бағытталған.

Конституцияның жоғары билігі жүйесінің кепілдігін республика Президентінің басшылық етуімен, өзінің заң шығару қызметінде қабылданған заңдардың Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз ететін Парламент, Жоғары соттың басшылығымен сот жүйесі, Прокуратура және Үкіметтің басшылығымен барлық атқарушы органдар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияның тұтастығы, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады.

Тәуелсіз еліміздің алтын діңгегі ретінде 1995 жылдың 30 тамызында халқымыз талғам талқысынаң өткен басты құжат – төл Конституциясын қабылдады.

Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындау нәтижесінде қазірдің өзінде мызғымас құқықтық, демократиялық әлеуметтік, зайырлы мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігіміз тұғырланып келеді.

Бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті қазақ жерінде салған сара жолмен келе жатырған аға өкіл мен ел ертеңін жалғастырар болашақ ұрпақ бүгінде Ата Заңымыздың қасиетті қағидаларын тәуелсіздікпен тікелей байланыстырады.

www.zhaikpress.kz

Алмаз ЕЛБАЕВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале