20.05.2016, 10:33
Оқылды: 34

Кітабының 500 данасын сыйлады

????????????????????????????????????

  Өңірімізге еңбегі мәлім ардагер-журналист Энгельс Шыңғалидың қаламынан туған әңгіме, новеллалар да аз емес. Сондай-ақ ол балалар үшін көптеген қиял-ғажайып дүниелердің де авторы болып табылады. Соның бірі – «Тосыннан тосын саяхат» кітабы («Полиграфсервис» ЖШС баспаханасы, Орал қаласы, 2012 жыл).


  Жуырда Энгельс Жүсіпұлы осы танымдық мақсатта жазылған, әсем безендірілген кітабының 500 данасын Ақжайық ауданының кітапханалары үшін тегін тапсырды. «Өмірдің өзі ғажап құбылыс» және «Келешек қандай керемет» атты бөлімдерден тұратын хикая ұл-қыздарды армандай білуге жетелейді, адам мен табиғат бірлігін әйгілейді.

   Айта кетейік, қаламгердің бұл балаларға арналған екінші кітабы. Тасқала және Сырым аудандық газеттерінде еңбек еткен, көп жыл Сырым аудандық газетіне редакторлық жасаған Э.Шыңғали бүгінде Орал қаласында тұрады. Ақжайық ауданының кітапханашылары ардагердің сыйлығына зор ризашылықтарын арнады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық адуаны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале