9.11.2016, 11:23
Оқылды: 18

Көкшетауға жолдама

%d0%ba%d3%a9%d0%ba%d1%88%d0%b5%d1%82%d0%b0%d1%83%d2%93%d0%b0-%d0%b6%d0%be%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d0%bc%d0%b0 Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылы 3-6 қараша күндері Орал қаласында спорт ардагері Н.К.Коломоецтің жүлдесі үшін гір тасын көтеру және қол күресінен ересектер мен қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының ашық турнирі оздырылды.

Аталмыш додаға Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылынан жас спортшылар қатысты. Ересектер арасында жерлестеріміз 55 келі салмақ дәрежесі бойынша Айбек Қайыров I орын, 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Наурызғали Ғалымжанов І орын, 65 келі салмақта Ерасыл Алтаев ІІІ орынды иеленіп,  жарыс чемпионы атанды. Осылайша, жеңімпаз-жүлдегерлер Көкшетау қаласында өтетін республикалық турнирге жолдама ұтып алды.

 

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале