2.10.2015, 19:00
Оқылды: 18

Рейд той кортежінің жол ережесін сақтауын қадағалауға арналады

DSC_0018 БҚО ІІД жол-патрульдік батальон қызметкерлері қаламыздағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шараларын жиі ұйымдастырады. Солардың бірі бүгін той кортежінің жол ережесін сақтауын қадағалауға арналды. Шараға жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жеңіс алаңындағы Мәңгілік алау мемориалына гүл шоқтарын қойып, батыр бабалырымыздың рухына тағзым етіп, 4-5 немесе одан да көп автокөліктен тұратын шеру жасап, қаланың көрікті жерлерін аралап жүру жас жұбайлар мен тойға қатысушылардың әдеттеріне айналды.

БҚО ІІД Орал қалалық ІІД әкімшілік полициясының басқару бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Динара Абдулкаликованың айтуынша, көп жағдайда тізбектелген той кортежінің жылдамдықты асыру, қос сызықты кесіп, жолдың қарсы бетіне шығу секілді жол ережелерін бұзу оқиғасы орын алып жүргендігі жасырын емес.

Екі күнге созылатын бүгінгі рейд барысында полицейлер жас жұбайларды және олардың туысқандарын қызықты тойларымен құттықтап, жол ережелерін сақтау қажеттігін естеріне салатын болады.

www.zhaikpress.kz

Ә.Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале