2.10.2015, 17:17
Оқылды: 30

Ұстаздар – ұлағатты есім

 

Karatobe ystazdar koncert   Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде ұстаздар күніне орай «Менің алғашқы ұстазым!» республикалық акциясы  аясында «Ұстазым менің, ұстазым» атты салтанатты жиын өтті.

Мерекелік концерт «Ауыл әуендері»  ансамблінің «Тор жорға» күйімен, Нұршат Ислямғалиевтің орындауында  «Ой жайлау», Аяжан Смағұлованың орындауында барша мұғалімдерге арналған  «Ұстазға мың тағзым» әндерімен сахна шымылдығы  ашылды.

Барша ұстаздарды кәсіби мерекесімен аудан әкімі Асхат Шахаров: - Білім беру саласын қолдау үшін және жас педагогтардың мәртебесін көтеру үшін республика көлемінде «Менің алғашқы ұстазым!» акция ұйымдастырылуда. «Ауданымызда мемлекеттік бағдарламалар бойынша мектептеріміз күрделі жөндеуден өткізілді. Заман талабына сай құрал жабдықтармен қамтып, жас ұрпақты білім шыңдарына жетелеу болып табылады. 2015-2016  оқу жылдарын  495  педагогпен бастап, соның ішінде  жоғарғы санатты 49, І санатты 192 ұстазбен бастап отырмыз.   Өткен жылдарда көптеген жоғарғы жетістіктерге қол жеткіздік. Әрине ол барша ұстаздардың арқасы деп білем. Сіздерге  зор денсаулы, қызметтеріңізге толайым табыс тілеймін» - деді, аудан басшысы.

Саналы өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған, бойындағы бар жақсылығын балаға сіңірген, білім саласының үздіктері  аудан әкімінің алғыс хаттары мен облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен  марапатталды.

Сондай-ақ «Алтын белгі» иегерлерін тәрбиелеп шығарған бастауыш сынып мұғалімдері де сахнаға көтеріліп, оларға арнайы құрмет көрсетілді.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале