13.09.2026, 15:30
Оқылды: 197

​Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open турниріндегі жеңісімен құттықтады

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы (US Open) жарқын жеңісімен құттықтады.

IMG_20260913_150550_798_edit_337720159379710

Фото: aqorda_resmi

Президент бұл табыс спортшының әлемнің бірінші ракеткасы атағына толық лайық екенін айқын дәлелдегенін атап өтті.

​Жеделхатта Елена Рыбакинаның асқан шеберлік пен табандылық көрсетіп, көпшілікті тәнті еткені айтылған.

«Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз — Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге», – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале