4.10.2019, 20:59
Оқылды: 67

Аналарға құрмет көрсетті

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында облысымыздағы бірқатар жеке кәсіпкердің ұйымдастыруымен аз қамтылған және көп балалы аналарға мерекелік дастарқан жайылды.

nur otan (6)
Салтанатты жиынға жиналған аналарды облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Ляна Тұрсынова құттықтап, ізгі лебізін арнады.

nur otan (4)
– Өңіріміздегі жанашыр азаматтар бас қосып, партиялық жобаға үлес қосу туралы шешім қабылдадық.

nur otan (2)

Бар ерік-жігер, күш-қуаттарыңызды бала тәрбиесіне сарп етіп жүрген сіздердей жандарға бас иіп, алғыс айтамын. Өзім төрт баланың анасымын, қазіргі күні әже атанып та үлгердім. Бала тәрбиесі, отбасының бабын табу қаншалықты жауапты да қиын іс екендігін өте жақсы түсінемін. Өзінен бұрын жақындарының жағдайын басты орынға қоятын нәзікжандыларға қандай құрмет көрсетсе де, артықтық етпейді, – деді Ляна Тұрсынова.

nur otan (5)

Сондай-ақ ол шараны ұйымдастыруға қолұшын созған «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы мен «Жас Отан» жастар қанатына ризашылығын білдірді.

Мерекелік дастарқан басына жиылған шара қонақтарына «Айгерім» балалар клубының тәрбиеленушілері ән мен биден шашу шашты. Кеш соңында аналарға арнайы сыйлықтар табысталды. Қайырымдылық шарасына үлес қосқандар қатарында «Отау Алан» ЖШС және «Қадырова К.У.», «Болдырева Н.Б», «Колосова М.Е», «Гүлдену», «Зарубин В.В», «Зотова Е.И», «Гусманова К.С», «Дамыту», «Қиматов А.Т», «Исенова М.К» жеке кәспкерліктері бар.

Аяужан Кереева
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале