14.09.2019, 10:23
Оқылды: 1365

Атырауда өткен аламан айтыста оралдық ақын бас жүлдені жеңіп алды

Атырауда ақын, Қазақстан халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың «Жыр жұлдызы – Фариза» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

190913215242685e

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жыр додасына ел өңірлерінен барлығы 22 ақын қатысып, бақ сынады.

1909132152543200f

Солардың арасынан батысқазақстандық Талғат Мықи суырылып шығып, бас жүлдені (2 млн. теңге) жеңіп алды. Белгілі жазушы, баспагер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов бастаған қазылар алқасының шешімімен атыраулық Шалқарбай Ізбасаров бірінші (1,5 млн. теңге), астаналық Еркебұлан Қайназаров пен тараздық Аруна Керімбек екінші (1 млн. теңгеден), алматылық Рүстем Қайыртай, Хазірет Бердіхан және астаналық Бекзат Асқаров үшінші (500 мың теңгеден) орынға ие болды. Сондай-ақ батысқазақстандықтар Орынбек Меңдіқұлов пен Мұрадым Мирланов ынталандыру сыйлығына ілікті.
«Жалпы айтыс жоғары деңгейде өтті. Шараға Астанадан «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Оспанқұлов арнайы келіп, бастан-аяқ қатысты. Алдағы додалар да партияның қолдауымен өтеді», - деді Талғат Мықи.

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале