9.06.2020, 13:03
Оқылды: 48

Балық өсімін молайту мақсатымен «Таза су айдындары» акциясы барысында көлемді жұмыс атқарылды

Бұл жөнінде бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Али Ниязов атап өтті.

0743d9da-21d5-4053-a538-8c035fd1d292

- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар комитетінің 03.03.2020 жылғы №27-5-6/48 бұйрығына сәйкес республикамыздың балық шаруашылығын су айдындарында қорғау мақсатында мамырдың 1-нен 31 аралығында «Таза су айдындары» атты акциясы жүргізілді.

Бұл акцияның негізгі мақсаты балық шаруашылығын, су айдындарын иесіз балық аулау ауларынан және жағалауларды қоқыстардан тазарту, сонымен қатар жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын органдарға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру болып табылады.
Биылғы жылы төтенше жағдайдың енгізілуіне және карантиндік шараларды сақтау қажеттілігіне байланысты табиғат қорғау акциясына негізінен инспекция қызметкерлері және балық шаруашылығы субъектілері қатысты. Сондықтан студенттерді, мемлекеттік органдар және мекемелер қызметкерлерін, еріктілерді және туған өлкенің табиғатына немқұрайлы қарамайтын белсенді тұрғындарды акцияға қатысуға тартпадық.
Мамыр айында Батыс Қазақстан облысының барлық балық шаруашылығы су айдындарында, ал Жайық өзенінде 10 сәуірден 15 маусымға дейін балықтардың уылдырық шашу миграциясы жүреді. Біздің мақсатымыз, балық өсімін молайту үшін уылдырық шашу орындарына балықтардың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету болды. Ол үшін Батыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Жайық өзенінде және басқа су айдындарында тастанды браконьерлік балық аулау ауларын  алу бойынша күн сайын тралдау жүргізді.
Мысалы, 2020 жылдың 27 мамырында біздің инспекцияның қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінде тралдау жүргізілді. Тралдау КС-110 маркалы 2 катерімен және моторлы «Обь» казанка қайығымен атқарылды. Сол күні 65 иесіз балық аулау аулары және 15 жайын аулауға арналаған ілмек алынып жойылды, сонымен қатар акцияны жүргізу барысында заңсыз балық аулау бойынша 6 құқық бұзу фактісі анықталды.
Балық шаруашылығы су айдындарын иесіз аулардан және басқа заңсыз балық аулау құралдарынан тазарту бойынша үлкен жұмыстарды табиғат пайдаланушылардың өздері де жүргізді.
Олардың ішінен «Сартаев» ЖК, «Сарсенов» ЖК, «Альбетяров» ЖК және «Рамазан» ЖК жұмысшылары 1276 балық аулау ауларын және шаян аулағыштарды жойып, 37,89 тонна қоқыс жинауымен ерекше көзге түсті.
Акция барысында инспекторлардың ішінен Ақжайық иснпекция бөлімі қызметкерлері Н.Е.Разваров, Т.Б.Имангазиев және И.В. Провоторов ерекшеленді.
Акция кезеңі барысында облысымыздың аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарынан 1603 балық аулау аулары және басқа да аулау құралдары алынды.

«Таза су айдындары» акциясының мақсаттарының бірі өзендер, көлдер және тоғандар жағалауларына жақын жатқан аумақтарды тазарту. Көбінесе елді-мекендерге жақын жатқан су айдындары, әсіресе жағажайлар мен басқа демалыс орындары көбірек ластанған.
Облыс бойынша барлығы 60 тонна қоқыс жиналып, тазартылды. Жұмысқа 21 инспектор, 268 табиғат пайдаланушылардың өкілдері, 49 бірлік транспорт және 50 бірлік жүзу құралдары қатысты.
Акцияның мақсатты бағыттарының бірі жастарға «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясының маңыздылығы мен мәнділігін түсіндіру, туған өлкесін сүюге және табиғатқа аяушылық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.

Өткен жылы бұл мақсатта инспекторлар құрамы орта және арнаулы орта оқу орындарында дәрістер өткізді. Биылғы жылы оқу орындарының жабық болуына байланысты мұндай жұмыстар жүргізілмей отыр. Биыл бұл бағыттағы жұмыс бұқаралық ақпарат құралдарында үгіттеумен шектелді.
«Таза су айдындары» акциясы аяқталғанымен, су айдындарын тралдау және жағалауларды қоқыстардан тазарту жұмыстары тұрақты негізде жалғастырылуда - деді Али Торғайұлы.

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале