23.04.2020, 11:30
Оқылды: 95

Батыс Қазақстан облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 14 жағдай тіркелді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев хабарлады.

8CE122F3-44BC-446E-82D6-89BF6A1701B1

Коронавирустық инфекция табылған 14 азаматтың біреуі 48 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама оң нәтиже көрсетті.

Қалған 13 азаматтың 12-сі Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын болса, біреуі Ресейдің Саратов қаласында ЖОО-да оқитын студент. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтардың қатарында 1-еуі Түркістан облысының тұрғыны. 

Ресей Федерациясымен шекарадағы «Сырым» және «Тасқала» автоөткелдеріндегі санитарлық-карантиндік бекеттерде эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулықтарына шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарларға жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 14 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

23.04.2020 ж. жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 86 адам анықталды. Айта кету керек, облысымызда коронавирустық жұқпадан 2 адам жазылып шықты.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында - 84 адам, провизорлық стационарда - 20, карантиндік стационарда - 56, үй оқшаулауында - 1181 адам дәрігерлер бақылауында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале