15.04.2020, 10:58
Оқылды: 353

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам анықталды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн-брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.

3ffd9a4f-3bb9-41b5-bbeb-fb7261fa9443

Алты науқастың төртеуі Батыс Қазақстан облысының, екеуі Ақтөбе облысының тұрғындары.

Бірінші жағдайда, науқас Ресей Федерациясынан келді. Ресей Федерациясымен шекарадағы "Тасқала" бекетінде СКП қызметкерлері сауалнама толтыртып, байланыссыз термометриямен тексергенде ешқандай шағымы болмаған. Келген сәттен бастап үй карантинінде, қоңырау шалу арқылы медицина қызметкерінің бақылауында болды. 2020 жылдың 14 сәуірінде  дене қызуы жоғарылап, жедел жәрдем көмегіне жүгінген.

Екінші пациент бірінші науқаспен бірге тұрған. Қызу көтерілгесін байланыста болған адам ретінде тіркелді.

Соңғы 4 жағдайға тоқталатын болсақ, Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар.

РФ шекарадағы "Тасқала" бекетінде СКП қызметкерлері сауалнама толтыртып, байланыссыз термометриямен тексерген. Шағымдары болмаған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020 жылғы №32 қаулысына сәйкес, COVID-19 зертханалық тексеру үшін жедел жәрдем көлігі шақыртылып, карантиндік стационарға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 6 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Пациенттер шұғыл инфекциялық стационарға жатқызылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

15.04.2020 жылғы жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандың саны 18 адамға жетті.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале