2.05.2020, 11:20
Оқылды: 170

Биыл Пятимар және Жаңақазан ауылдарындағы мектепке күрделі жөндеу жасалады (СУРЕТ)

Облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Жаңақала ауданындағы биыл құрылысы басталатын және күрделі өндеуден өтетін осы нысандармен танысты.

 55c06a0e-209f-4e62-b168-b69a488ea3ca

Биыл Пятимар ауылындағы жалпы орта білім беретін мектебі күрделі жөндеуден өтеді. Бұл ауылдағы 420 орындық мектеп 1977 жылы салынған. Соңғы рет 2007 жылы күрделі жөндеуден өткен білім ошағының бүгінде едені шіріп, шатыры шытынаған. Жөндеу жұмыстарына қаралған 435 миллион теңге қаражатқа мектеп толықтай күрделі жөнделетін болады. Құрылыс кезінде 52 адам уақытша жұмысқа тартылмақ.

cfdc3a8d-8226-4f04-bc76-4336bb2fd034

Пятимар ауылындағы мектеп

Дәл осындай жөндеу жұмыстары Жаңақазан ауылындағы М.Жүнісов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде де жүргізілмек. Салынғанына 47 жыл болған мектеп ғимараты соңғы рет 2009 жылы күрделі жөндеуден өтіпті. Бүгінде 380-дей оқушы білім алатын мектепті жаңғыртуға 200 миллион теңге қаражат бөлінген.

Қос мектепті күрделі жөндеуден өткізетін мердігер компания басшысы құрылыс жұмыстарының мамыр айында басталып, тамыз айында аяқталатындығын, арнайы бағдарлама шеңберінде бірнеше ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылатындығын айтты.

c8a21c96-51a0-4631-8b6e-78163b9ce67c

Жаңақазан ауылындағы мектеп

-Балалар біздің болашағымыз. Сондықтан олардың жайлы өмір сүріп, жақсы білім алулары үшін бар жағдайды жасауымыз керек. Екі мектептің жөндеу жұмыстарына жеткілікті қаржы бөлінді. Біз тек осы қаражатты үнемді пайдаланып, сапалы жөндеу жүргізуіміз керек. Әр құрылыстың сапасына аудан, ауыл әкімдері, мектеп директорлары мен қоғамдық бақылау өкілдері жауапты болады. Құрылысты сапалы жүргіземін деп мойынына алған мердігер компаниялар ғимараттың сыртқы келбетіне көбірек көңіл бөлуге тырысатыны белгілі. Бізге көзге сәнді көрінетін бірақ ішінде сапа жоқ ғимараттардың керегі шамалы. Ең бастысы – осы жерде білім алатын оқушыларға жайлы жағдай жасалуы керек. Басқасын айтпағанда, олардың оқу кабинеттері, тамақ ішетін жерлері, тіпті әжетханалары стантдартқа сай болуы шарт. Сәндікке бой алдырамыз деп асханаға тайғанақ кафель төсеу секілді көзбояушылық істерге жол бермеуіміз тиіс. Жобаларды тағы да тияқты бір қарап шығу керек. Аса маңызды емес істерге артық қаражат жұмсаудың керегі не? Мысалы, мектептерді күрделі жөндеу кезінде олардың қоршауларын ауыстыру немесе ауласын абаттандыруға қыруар қаражат қарастырады. Егер мектеп осы кезге дейін темір қоршаумен қоршалған болса оны ауыстырып керек пе? Меніңше қалпына келтіріп түзеп, әдемілеп бояп қойса да жеткілікті секілді. Мектеп ауласында ауыл тұрғындары мен оқушылардың күшімен абаттандырып, терек отырғызып, гүл ексе жарап жатыр. Ал үнемделген қаржыны сіздерден ешкім алып кетпейді. Ол қаражатты осы жерге, өз игілігіңізге жұмасайсыздар. Осы жұмыстардан үнемделген қаржыға неге мектепке жиһаз алмасқа немесе асхананы заманауи жабдықтамасқа? Мемлекет қаржысына салынған әр құрылыстың артында өз сұрауы болады. Аудан әкімдері мен құзырлы сала басшылары атқарылған істер турасында апта сайын баяндап отырарсыздар. Жөндеуден өтетін немесе тыңнан салынатын әр нысанның сырты күміс, іші алтын болуы керектігін естеріңізден шығармаңыздар,-деді облыс әкімі.

Білім ошақтарында болған өңір басшысы жөндеуден өткен мектептер ішінен жергілікті халықтың уақыттарын тиімді өткізеуге арналған кабинеттер ашуды ұсынды. Сабақтан тыс уақытта және демалыс күндері шахмат, дойбы ойнайтын, немесе караокемен ән айтып, кітап оқитын орындар ауылдың барлық тұрғындарына қолжетімді болуы шарт.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

zhaikpress.kz

 

4a815254-8acb-4e0f-ba32-72cea62476fd

57b7960c-5e13-4b78-8ccd-3a328c89f64c

Пятимар ауылындағы мектеп

Жаңақазан ауылындағы мектеп

Жаңақазан ауылындағы мектеп

332a14b0-6906-4911-b232-979624213ac1 5a8321cf-becd-4a8f-b111-f69ae6a17117

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале