3.08.2019, 17:49
Оқылды: 210

БҚО-да биылғы жарты жылда 212 млн. жолаушы және 18 млн. тонна жүк тасымалданған

Бүгін ҚР көлік саласы қызметкерлерінің күніне орай Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерт залында салтанатты шара өтіп, сала қызметкерлерін облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев құттықтады.

 IMG_1221_800x533

– Көлік саласының қызметкерлері ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Соның арқасында біздің еліміз тәуелсіздік жылдарында мақтан тұтуға тұрарлық биіктерге қол жеткізді. Республикамызда аталмыш саланы дамытуды, инфрақұрылымды өркендетуді көздейтін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Ақ Жайық өңірінде көлік саласы табысты дамып келеді. Тасымалдаушы кәсіпорындардың аутобус парктері біртіндеп жаңартылып, соңғы екі жылда қала ішіндегі қозғалысты жақсарту мақсатында 50-ге жуық жаңа аутобус сатып алынды. Орал қаласының аутобекетін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жаңа кеңселер салынып, көліктерге арналған заманауи жаңа тұрақ-орындар жабдықталған. 2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыс көлемінде 212 млн. жолаушы және 18 млн. тонна жүк тасымалданды.

Көлік саласы қызметкерлері мен ардақты ардагерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, игі жақсылықтарды тілеймін! – деді Бағдат Оразалдыұлы.

IMG_1208_800x533

Еңбекте озықтығымен ерекшеленген сала үздіктері облыс және қала әкімдерінің, «Nur Otan» партиясы, облыстық жолаушылар көлігі және аутокөлік жолдары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен кәсіподақтың алғысхаттарымен марапатталды.

Шара соңында еңбек ардагері Нұрлыбек Бірманов көлік саласында тер төгіп жүрген барша әріптесін құттықтап, салтанатты кеш соңы облыс көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

IMG_1188_800x533

Аяужан КЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

IMG_1181_800x533

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале