13.12.2019, 14:46
Оқылды: 246

БҚО-да "Жыл үздігі - 2019" сыйлығының лауреаттары марапатталды (СУРЕТ)

Оралдағы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында "Жыл үздігі - 2019" байқауы қорытындыланды.

jyl uzdigi 2019 (8)

Салтанатты шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысып, жетістікке жеткен жастарды құттықтады. Сондай-ақ ол Жастар жылы аясында атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді. Жиын барысында 12 аталым бойынша әр саланың үздік жастары марапатталды.

jyl uzdigi 2019 (9)

Олардың арасында әріптесіміз, "Сырым елі" қоғамдық-саяси газетінің редакторы Бауыржан Ширмединұлы да бар. Ол биыл «Үздік жас тілші» атанды.

Ал Берік Абилқасов «Үздік кәсіпкер», Смағұл Нұрболат пен Нұржан Ғұмиров «Қайсарлығы мен батылдығы үшін», Альбек Бақаев «Үздік жас ұстаз», Ерасыл Бақыт «Үздік жас спортшы», Абзал Молдағалиев «Үздік әлеуметтік сала қызметкері», Тимур Ажгалиев «Үздік жас дәрігер», Фариза Айтымова «Үздік жас маман», Жасқайрат Валиуллиев «Үздік жас өнерпаз», Айым Меңдіғалиева «Үздік студент», Дулат Жүсіпқалиев «Үздік жас көшбасшы», ADIL & MIKO «Жыл жаңалығы» аталымымен марапатталды.

jyl uzdigi 2019 (3)

 Айта кетейік, биыл "Жыл үздігі" жастар сыйлығы байқауы 11-ші рет ұйымдастырылып, оған қатысу үшін 150 жастан өтініш түскен.

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

jyl uzdigi 2019 (2) jyl uzdigi 2019 (5) jyl uzdigi 2019 (6) jyl uzdigi 2019 (7) jyl uzdigi 2019 (10) jyl uzdigi 2019 (11)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале