18.09.2019, 12:13
Оқылды: 221

БҚО-да Жайықбай суландыру арнасын жөндеу жоспарлануда

Тасқала ауданында жергілікті шаруалармен бірігіп, агроөнеркәсіп саласын заман талаптарына сай дамыту және өнім көлемін еселей арттыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Биыл аудан бойынша 21597 гектар егістікке дәнді дақылдар себіліп, одан 23150 тонна өнім алынған. Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Алдияр Халелов баяндады.

Halelov

Спикердің мәлімдеуінше, биылғы жылға арналған аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 5 231,3 млн.теңге болса, күні бүгін оның 3 475,0 млн.теңгесі немесе 85,4% игерілген. Ауданының өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 332 млн.теңгені құрап, өткен жылдың деңгейінен 64,1%-ға артқан.

Негізінен мал өсіру және егін шаруашылығымен айналысатын ауданда биыл 84,6 мың тонна мал азығын әзірлеу жоспарланып, бүгінгі күні нақты дайындалғаны 85,4 мың тонна. Аудан бойынша 29,6 мың бас ірі қара малы, 72,8 мың бас қой мен ешкі, 10,4 мың бас жылқы, 39 мың құс өсірілуде. Сонымен қатар шаруа қожалықтарында 2528 асыл тұқымды ірі қара, 2518 асыл тұқымды қой, 107 көшім жылқысы бар. Есепті кезеңде ауданның агроқұрылымдарынан «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды» субсидиялауға қатысу үшін 143 млн. 527 мың теңгеге өтінім түсіп, оларға 55 млн. 240 мың теңге субсидия төленген. Сондай-ақ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алған шаруашылықтар қазіргі таңда 141 бас асыл тұқымды аналық мал алған.

-Тасқала ауданы Мереке, Қазақстан және Шежін ауылдық округтері аумағынан 1975 жылы салынған ұзындығы 448,3 шақырымдық Жайықбай суландыру арнасы өтеді. Канал бойы мал өсіруге зор мүмкіндік береді. Аталған су арнасынан 19 тоған қазылып, 17 қақпа қойылып, 5 көпір салынды. Канал бойында 22 ауыл шаруашылық құрылымына жер телімдері берілген. 2020 жылы каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, осыған байланысты бүгінгі кезде жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Бұдан басқа Бастау ауылындағы бөгеттің 10 гектар аумағындағы жер телімін бөгеу жұмыстары қарастырылуда. Бұл бөгет көктемгі тасқын суларды тоқтатады, әрі болашақта балық шаруашылығын дамытуға қолайлы аумақ болады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі уақытта осы жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында кәсіпкерлер анықталуда,-деді аудан әкімі.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале