4.05.2021, 9:56
Оқылды: 162

ДСМ коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар статистикасын келтірді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар туралы статистиканы жариялады.

ввв

3 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда 1 378 495 адам вакцина салдырды.

Екпе салдырған азаматтар саны бойынша бірінші орында - Алматы қаласы. Одан кейінгі орында Алматы облысы. Өңірде 162 мыңнан аса адам вакцинаның бірінші компонентін салдырған. 28 мыңға жуық адам "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырған.

Үшінші орында Шымкент қаласы. Өңір бойынша 120 мыңдай адам вакцина салдырған.

Қазақстан бойынша вакцинанынң екі компонентін де 312 197 адам салдырған.

 

Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале