23.03.2019, 12:49
Оқылды: 30

Қазақстан – мақсаты айқын, болашағы жарқын Мәңгілік ел!

9639087

Тұрақтылық пен ынтымақ салтанат құрған Қазақстан – Н.Ә. Назарбаевтың ядролық қарусыз саясатының негізінде қауіпсіздік пен экономикалық өркендеуге қол жеткізген әлемдегі бірінші ел. Елбасы көш бастап, тізгін ұстаған жылдар ішінде Ұлы дала бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Нұрсұлтан Әбішұлы – тұғыры биік, тегеуріні мықты Мәңгілік елді дамудың даңғыл жолына салып, халықаралық жоғары деңгейге шығарған кемеңгер тұлға. Ұлт көшбасшысының бейбітшілікке бағытталған жүйелі саясатына төрткүл дүние «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға берді.

Елбасының заман тынысын тап басып таныр көрегендігімен, сарабдал саясаткерлігімен мемлекетіміз әлемнің дамыған өзге елдерімен терезе теңестірді. Жаһан жұртшылығына Елорда төрінен үн қатып, әлем назарын өзіне аудара алды. Халықаралық деңгейдегі түрлі түйткілді мәселенің шешімін тауып, мемлекет басшыларының басын қосқан Астана – Елбасының төл туындысы. Республика азаматтары мен әлем үшін Қазақстан – Астана – Нұрсұлтан атауы бір ұғымдай боп біте қайнасып кетті. Сондықтан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың егемен елдің жастарының асыл арманына айналған асқақ қала, Қазақстан халқының жүрегіне мақтаныш пен сүйспеншілік сезімін ұялатқан, әлем қызыға көз тіккен бас қалаға Тұңғыш Президент есімін беру ұсынысы –тарихқа есімін қалдырған Нұрсұлтан Әбішұлына көрсетілген құрмет, алғыс әрі әділ баға деп білеміз. Елбасының қарыштап даму жолындағы қажырлы еңбегінің нәтижесі– бүгінде Қазақстанбағындырған белес пен алған асу, жеткен жетістіктерді мақсаты айқын, болашағы жарқын елдің білімді, жалынды жастары жалғарына сенеміз!

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ұжымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале