Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Азаматтар мен мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштерге орай Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2023 жылы екі мәрте – мамыр және қараша айларында лотерея операторы – «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ға лотерея клубтарының жұмысын және электронды лездік лотереяны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсынымдар жолдады.
Фото: Turizm_jane_sport_ministrligi
Министрліктің 2024 жылғы 20 қаңтардағы соңғы ұсынымдарына сәйкес 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап республика аумағында «Lotomatic» терминалдары/киоскілері арқылы электронды лездік лотереяны тарату уақытша тоқтатылды.
Алайда кейбір жерлерде «Lotomatic» «сары-көк» ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттар заңсыз жұмыс жасауы мүмкін.
Осыған орай азаматтарды қырағы болуды және заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды, сондай-ақ заңсыз жұмыс істеп тұрған «Lotomatic» киоскілері немесе лотерея терминалдарын байқасаңыз
Министрліктің Telegram (https://t.me/stop_online_casino_bot) және WhatsApp (+7 707 9071507) чат-ботына хабарлауға болады.
Әр өтінішті лотерея операторы,құқық қорғау органдары бірге қарайды. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады.