27.06.2026, 17:00
Оқылды: 5

Қазақстанда түйе сүтінің өнімділігін арттыратын бірегей құрама жем әзірленді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жусан негізіндегі биологиялық белсенді қоспасы бар, сауын түйелерге арналған алғашқы отандық экструзияланған құрама жемді әзірледі.

_gluster_2026_6_26_d1a3cee0e6a0a231153fa6d306668b91_1280x720

Фото: gov.kz

Елімізде баламасы жоқ бұл өнімді төрт апта бойы сынақтан өткізу барысында тәжірибелік топтағы түйелердің орташа тәуліктік сүт сауымы бір басқа шаққанда 100 мл-ге артқаны дәлелденді. Сонымен қатар сүттің сапалық көрсеткіштері де жақсарып, майлылығы 1,92%-ға, ақуыз мөлшері 1,52%-ға, ал майсыз құрғақ сүт қалдығының (СОМО) үлесі 0,91%-ға өсті.

Әзірлеменің басты ерекшелігі — Қазақстан аумағында кең таралған жусан өсімдігін заманауи технологиямен өңдеп, қоректік заттардың тиімді игерілуіне ықпал ететін функционалды жемге айналдыруында. Құрғақ климатты өңірлердегі түйе шаруашылығы үшін өте өзекті бұл жоба өндіріске енгізілсе, түйе сүтін өндіру тиімділігін арттырып, отандық өсімдік шикізатын кеңінен пайдалануға және қосымша құны жоғары өнімдер шығаруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале