6.08.2026, 19:00
Оқылды: 5

Сауран қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстар басталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Түркістан облысының Сауран ауданындағы Сауран қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстар басталды.

photo_5449646164245419593_y

Фото: madenietaqparat

«Қазқайтажаңарту» РМК мамандары ханака мен медресені қалпына келтіруге кірісті. Жұмыс барысында ғимарат қабырғасының беткі қабатындағы зақымданған кірпіштерді ауыстыру жоспарланған. Сондай-ақ тарихи нысандарды қоршап тұрған тіреу қабырғаларының үгітілген сылағы қайта сыланады.

Реставрация кезінде ескерткіштердің тарихи келбеті мен сәулеттік ерекшелігін сақтауға басымдық беріледі. Қолданылатын құрылыс материалдары нысанның өзіндік сипатына сай іріктеліп, жаңартылған бөліктердің ескерткіштің бастапқы келбетімен үйлесімді болуы ескеріледі.

Атқарылып жатқан жұмыстар ханака мен медресенің одан әрі бүлінуіне жол бермей, олардың беріктігін арттыруға және тарихи келбетін сақтауға бағытталған.

Сауран қалашығы – Түркістан облысындағы тарихи-мәдени мұраның маңызды нысандарының бірі. Қалашықтағы ескерткіштерді сақтау көне шаһардың тарихын тереңірек зерделеуге және кеңінен танытуға ықпал етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале