27.06.2026, 18:00
Оқылды: 0

Шанхай тарихи музейінде қазақ халқының мәдени көрмесі ашылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Шанхай тарихи музейінде «Бабалар мұрасы – дәстүр сабақтастығында» халықаралық көрмесі ашылды.

_gluster_2026_6_26_fe49db82564d190b11d065bbffe72db9_1280x720

Фото: gov.kz

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің бастамасымен Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығының және Шанхай халық үкіметінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл іс-шара екі қала арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жалғасы болып табылады. Екі шаһарға 2025 жылы өткен «Қытай – Орталық Азия» екінші саммитінде бауырлас қалалар мәртебесі берілсе, 2026 жылғы сәуірде Шанхай мэрі Гун Чжэннің Алматыға ресми сапары барысында екі музей арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылған еді.

Көрмеге Алматы қаласы музейлер бірлестігі қорынан қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыратын 100-ге жуық жәдігер, соның ішінде этнографиялық бұйымдар, архив құжаттары, ұлттық аспаптар және 1287 жылы Алматыда соғылған күміс дирхемдер қойылған.

_gluster_2026_6_26_538c89b4ae14489c46924992c927e5b1_1280x720

Сондай-ақ келушілер QR-код арқылы қазақ аспаптарының әуезін тыңдай алады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланысты нығайтуды көздейтін бұл халықаралық көрме 2026 жылғы 30 тамызға дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале