18.09.2019, 12:29
Оқылды: 347

Тасқала ауылының екі бөлігінен 200-ге жуық үй салуға жоба әзірленуде

Тасқала ауданында халықты баспанамен қамту мәселесі де біртіндеп шешімін табуда. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы ауданы 574 шаршы метр құрайтын 7 тұрғын үй салынып, кезек бойынша мұқтаж азаматтарға берілген болса, биыл аудан орталығында 36 пәтерлі екі үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Алдияр Халелов баяндады.

Halelov

Аудан орталығында үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үйге және ауылдарға үш бөлмелі 15 жалдамалы тұрғын үйге жобалық сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өткізілген.

Сонымен қатар Тасқала ауылының оңтүстік-батыс бөлігінде 66, солтүстік-шығыс бөлігіндегі 106 учаскеге арналған тұрғын үй массивін сумен жабдықтау, жол салу, электрмен және газбен жабдықтау құрылысы жобасы сараптамадан өткізілген.

Биылғы жылдың сегіз ай мерзімі ішіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы турасында баяндаған спикер халықты сапалы ауыз сумен, көгілдір отынмен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет секілді маңызды салаларда атқарылған істергеде жеке-жеке тоқталып өтті.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале